Психдиспансерде есепте тұрған елоралық азамат мешітке келушілерге пышақ ала жүгірген
Елордада психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған азамат азамат мешітке келушілерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қала мешіттерінің бірінде белгісіз адам келушілерге қауіп төндіргені туралы полицияға хабарлама түскен соң, оқиға орнына дереу полиция жасағы жетті.
«36 жастағы полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды», - деп көрсетті Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларына жан-жақты тексеру жүргізілуде.