Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Тимур Сүлейменов:
-Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қазан айларында жүзеге асырған ақша-кредит саясатының нәтижелері жөнінде есеп берді;
-Қазақстан экономикасының жағдайы, инфляцияны төмендету шаралары, сондай-ақ алтын-валюта қорының, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндады;
-цифрлық теңгені іске қосуға дайындық жұмыстарының барысы және цифрлық қаржылық инфрақұрылымды дамыту жоспары жайында мәлімет берді;
-экономиканы кредиттеу ісін ынталандыру үшін тиісті шаралар әзірлеуге қатысты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берді;
-ұлттық валютамыз – теңгенің 30 жылдығын атап өтуге дайындық жұмыстары жөнінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
-->Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.