Президент «IQanat» финалистеріне сөз жолдады
Бүгін Астанада республикалық IQanat олимпиадасы аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Оның жеңімпаздары Бурабай қаласындағы IQanat орта мектебінде тегін білім алады. Елордаға республиканың түкпір-түкпірінен 800-ден астам дарынды оқушы жиналды.
Ал олимпиада жеңімпаздарын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, Жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбек және Еркін Длімбетов, Нұрасыл Жарбасов, Қанат Көпбаев, Айдын Рахымбаев секілді 100-ден астам қазақстандық кәсіпкер құттықтады.
Марапаттау салтанатында қатысушылар алдында сөз сөйлеген Оқу-ағарту министрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы үндеуін оқып берді.
Олимпиада 3 кезең бойынша өткізілді. Оған еліміздегі ауыл мектептерінің 8-сынып оқушылары қатысты. Бірінші кезеңге 37,7 мың оқушы, екінші кезеңге 7,7 мыңнан астам бала қатысты. Қорытынды, ІІІ кезеңге яғни «IQanat» олимпиадасының финалистерінің республикалық слетіне 824 ауыл оқушысы жиналды.
-->

Құрметті қатысушылар! Сіздерді «IQanat» олимпиадасының финалына шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сапалы білім, бәсекеге қабілетті және табысты ұлт болудың басты кепілі. Өркениетті қоғамды - еңбекқор, жасампаз, адал азаматтар ғана құрайды. Сондықтан озық ауыл оқушылары арасында олимпиада өткізудің маңызы зор», - деп жазылған хабарламада.