Елорда жаңалықтары

Полицейлер есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады

Көлік полицейлері есірткі тасымалдаған шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлік полицейлері  ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Абай облысының Ауыл станциясында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Новосібір – Бішкек бағытындағы жолаушылар пойызында 28 жастағы шетелдік азаматты анықтап, ұстады.  Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

«Қызметтік-іздестіру иті осы жолаушыға белгі берді.  Дереу жеке тінту жүргізу кезінде одан марихуана табылды. Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілді. Сот шешімімен күдіктіге 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды» - деп жазылған хабарламада.