Елорда жаңалықтары

Пара дзюдодан IBSA ойындарында жеңіске жеткен астаналық спортшылар елге оралды

Елордалық спортшыларды әуежайдан жанкүйерлері мен жақындары сондай-ақ қалалық спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев күтіп алды, деп хабарлайды Elorda.info.

Жақында Ұлыбританияның Бирмингем қаласында көру қабілеті нашар және зағип спортшылар арасында Дүниежүзілік ойындары өтті. Жарыстың бірінші күні елордалық дзюдошылар жеңіс тұғырына көтерілді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл алтыншы рет өтіп жатқан дүниежүзілік ойындарда 43 елдің спортшылары футбол, голбол, пара дзюдо, пара пауэрлифтинг, шоудаун, крикет, шахмат сынды спорт түрлерінен бақ сынады.

Бұл жолғы жарысқа  Қазақстан құрамасының спортшылары тек пара дзюдо мен пара пауэрлифтингтен қатысты. Жарыс нәтижесінде ел намысын қорғаған  Астанадан барған дзюдошылар  жеңімпаздар қатарында болды.

Атап айтқанда, 48 келі салмақта J2 санатында өнер көрсеткен астаналық Ақмарал Науатбек финалдық белдесуде украиналық спортшы Юлия Иванцкаяны жеңіп, чемпион атанды.

Жарыстың күміс жүлдесін 73 келі салмақта J1 санатында Астана қаласының спортшысы Ерғали Шәмей жеңіп алды.

Ерғали финалда румын спортшысы Флорин Болагамен кездесіп, қосымша уақытта қарсыласынан 3 шидо ұтылды.

Айта кетейік, Биылғы жылы IBSA ойындарының нәтижелері әлем чемпионатына теңестірілді. Осы орайда Ақмарал Науатбек әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы. Сонымен қатар, Дүниежүзілік ойындарда дзюдодан ерлер арасындағы пара құрама командалық есепте 1-орынға ие болып, әлем чемпионы атанды.

-->

Демалыс күндеріне қарамастан бізді көңілді көңіл-күймен қарсы алған спорт бөлімінің басшылығына, мектеп ұжымына рахмет. Сондай-ақ тікелей эфирді тамашалап, уақыт айырмашылығына қарамастан бізді қолдағандарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жылы лебіздер, жүрек тебірентер тілектер айтылды. Біз өте қуаныштымыз, – деді екі дүркін әлем чемпионы Ақмарал Науатбек.