Панфилов көшесіндегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Панфилов көшесіндегі учаскеде 29 сәуірден бастап жол төсемін жөндеу басталады. Тиісінше мұнда қозғалыс шектеледі, деп хабарлады Elorda.info Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
-->Панфилов көшесіндегі учаскеде 29 сәуірден бастап жол төсемін жөндеу басталады. Тиісінше мұнда қозғалыс шектеледі, деп хабарлады Elorda.info Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап.
29-30 сәуір аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі Панфилов көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді, - делінген басқарманың хабарламасында.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.