Отандық қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енеді
Астана қаласы тұрғындары мен қорнақтары үшін 17-19 желтоқсан күндері «Хас шебер» фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.
Елімізде бұрын-соңды болмаған отандық өнімдердің белгісін білдіретін қолөнершілер туы тігіледі.
Қолөнершілер туы КИнЭС рекордтар кітабына енгізіледі.
Фестивальдің дресс-коды – ұлттық киім. Фестиваль барысында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеден түскен қаржының 10 пайызы қарттар үйіне жұмсалады. Сонымен қатар қолөнершілер жұртшылыққа арнап мастер-класс өткізеді. Сонымен қатар қазақ халқының ұмыт болған салт-дәстүрлері және қызықты ойындар ұйымдастырылады.
-->Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен фестиваль «Жастар» сарайында сағат 9:00 ден 18:00 дейін өтеді.