Елорда жаңалықтары

Қошқарбаев және әл-Фараби жол айрығында көлік қозғалысы шектелді

Астанада Р. Қошқарбаев және әл-Фараби даңғылдарының жол айрығында орташа жөндеу жұмысы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Р. Қошқарбаев даңғылы – әл-Фараби даңғылының жол айрығында орташа жөндеу жұмысын бастады.

Теміржолшылар елді мекені бағытындағы оң жақтағы съездер, сондай-ақ әл-Фараби даңғылы жағынан Р.Қошқарбаев даңғылы бағыты жабылды.

Осыған байланысты 22-26 сәуір аралығында аталмыш учаскелерде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

-->

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.