Орталық касса мереке күндері қалай жұмыс істейді
City Transportation Systems ЖШС алдағы мереке күндері Орталық кассаның жұмысы туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Құрметті келушілер!
1 мамырда Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы Орталық касса жұмыс істемейді.
2 және 3 мамырда кестеге сәйкес жұмыс істейді.
Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Орталық кассаның жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-ке беріледі), үзіліссіз. Жексенбі – демалыс.
Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1.