Орталық касса мереке күндері қалай жұмыс істейді
Алдағы мереке күндері 8, 9, 10 наурызда Орталық касса жұмыс істемейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«11 наурыз, сейсенбіде кестеге сәйкес жұмыс істейді.
Орталық кассаға баруды жоспарлаған кезде осыны ескерулеріңізді сұраймыз», - делінген City Transportation Systems ЖШС хабарламасында.
Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (соңғы талон сағат 17:45-ке беріледі), үзіліссіз.
Мекенжайы: Р.Қошқарбаев даңғылы, 50/1.