Оразкүл Асанғазы: Тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан бақытты ұрпақпыз
Белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы қазақстандықтарды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Бүгінгі қасиетті, киелі мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын. Тәуелсіздік Керей Жәнібектен бастап, Кенесары хандарға дейін, кешегі Алаш арыстарының, желтоқсанда желбіреп шыққан жастарымыздың арманы еді. Біз бақытты ұрпақпыз, өйткені тәуелсіз заманда өмір сүріп отырмыз. Тәуелсіздігіміз баянды болсын. Әр қазақ Тәуелсіздік орнықты болуы үшін өз жерін, тілін, елін, өзінің салт-дәстүрімен өмір сүруді мақтан етсін. Отбасыларыңызға береке-бірлік, абырой тілеймін, тыныштық болсын. Аман болыңыздар, бар болыңыздар, нар болыңыздар», - деді ол.