Елорда жаңалықтары

Оралда азық-түлік дүкені өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

Бүгін таңертең Орал қаласында Әбілқайыр хан көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«ТЖМ күшімен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. 30 тұрғын өздігінен далаға шықты. Өрт 20 шаршы метр алаңға жайылған», - деп көрсетті ТЖМ баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.