Елорда жаңалықтары

Оқушылар сарайында 50-ден астам үйірме жұмыс істейді

Астана қаласы мәслихатының депутаттары жаңадан салынған «Сана» оқушылар сарайын аралап көрді, деп хабарлады Elorda.info.

«Сана» жаңа ұрпақ орталығы – мектеп оқушыларына қосымша білім беруге, өнерге баулуға арналған нысан. Биік әрі сәнді ғимарат заманауи технологиялармен, сапалы құрылыс материалдарымен бой көтеріп, барлық қажетті құрал-жабдықтармен жасақталған.

Құрылысы аяқталуға таяу орталықтың ресми ашылуы 1 қыркүйекте болмақ. 

сана 1.jpg

Орталық жыл бойы қызмет көрсететін болады. Дегенмен, өз жұмысын мектептердің оқу кестесімен байланыста жүргізетіндіктен, орталықтың жұмысы туралы жарнамалар тарату, курстар мен үйірмелерге қабылдау жұмыстары әзірге басталған жоқ. Орталықтың әкімшілік директоры Әсел Біләлованың айтуынша, мұндағы қосымша сабақтар ақылы. Мысалы, оқушы бассейнде жаттықтырушымен бірге айына 8 рет сабаққа қатысатын болса, мұның құны 20 мың теңге болуы мүмкін. 

санааа.jpg

Оқушылар сарайында 56 бағыт бойынша 50-ден астам үйірме қызмет көрсетпек. Негізгі бағыттар – әлеуметтік ғылымдар, қолөнер және бейнелеу, музыка және би өнері. Сабақ уақыттары әртүрлі: 50, 60, 80 минут болуы мүмкін.  

Оның айтуынша, тамыз айында осы орталықта халықаралық олимпиада өткізу жоспарланып жатыр. 

Балаларға жеңіл тамақтануға мүмкіндік жасалған, ал ата-аналар үшін баласын күтіп отыратын орны жасақталған, тіпті олардың кішкентай бүлдіршіндеріне моторикаларын дамытатын бөлме де ойластырылған.

сана 4.jpg

Осыған орай орталықтағы үйірмелерді аралап, олардың жұмысымен танысқан депутаттардың пікірін де білген едік.  

Астана қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов мұндай пайдалы нысандар елордамызда көбейе түссе деген тілегін айтты. 

сана 6.jpg

санана.jpg

Жаңа оқушылар сарайында, сондай-ақ, Астана қалалық мәслихаты депутаты, Шахмат федерациясының вице-президенті Рахмет Жандостың ұйымдастыруымен депутаттар Азия және Батыс Азия чемпионаттарының жүлдегерлерін марапаттады.

-->

Бес қабатты ғимарат 7 айда салынып бітті. Соңғы 2 айда жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бюджеті 5 млрд теңгені құрады. Көлемі – 7 500 шаршы метр. Жобалық қуаты бойынша бір мезгілде сағатына 700 оқушыны қабылдай алады. Бұл – мемлекеттік мекеме емес, жекеменшік мекеме, - деді «Сана» жаңа ұрпақ орталығының директоры Жансерік Саттар.

Орталық жыл бойы қызмет көрсететін болады. Дегенмен, өз жұмысын мектептердің оқу кестесімен байланыста жүргізетіндіктен, орталықтың жұмысы туралы жарнамалар тарату, курстар мен үйірмелерге қабылдау жұмыстары әзірге басталған жоқ. Орталықтың әкімшілік директоры Әсел Біләлованың айтуынша, мұндағы қосымша сабақтар ақылы. Мысалы, оқушы бассейнде жаттықтырушымен бірге айына 8 рет сабаққа қатысатын болса, мұның құны 20 мың теңге болуы мүмкін. 

санааа.jpg

Оқушылар сарайында 56 бағыт бойынша 50-ден астам үйірме қызмет көрсетпек. Негізгі бағыттар – әлеуметтік ғылымдар, қолөнер және бейнелеу, музыка және би өнері. Сабақ уақыттары әртүрлі: 50, 60, 80 минут болуы мүмкін.  

-Орталықта дәріс беретін мұғалімдердің 99 пайызы жинақталды. 1 қыркүйектен бастап толық құрам жұмыс істейтін болады. Үйірме жұмыстары баланың қабілетіне қарай ұйымдастырылады. Бір бала бағдарлама жасауға бейім болуы мүмкін, бір бала құрастыруға икемді болуы мүмкін – мұның бәрі ескеріледі. Оқушы өзі бейімделіп жатқан сала бойынша жас ерекшеліктеріне қарай ең төменгі деңгейден жоғары деңгейге дейін шыңдала бермек. Мысалы, технологиялар курсында бала әуелі техниканың құрылысымен танысады, бірте-бірте роботпен жұмыс істеуге дейін жаттығады. Әлеуметтік ғылымдар бағытын тіл, бизнестің әліппесіне үйретуден бастап едік, кейін ата-аналар сұранысы бойынша математиканы да қостық. Мұнда сондай-ақ, замануи журналистика дағдыларына үйрету курсы да бар, - дейді орталықтың білім және тәрбие бөлімінің бастығы Қазбек Елубайұлы.

Оның айтуынша, тамыз айында осы орталықта халықаралық олимпиада өткізу жоспарланып жатыр. 

Балаларға жеңіл тамақтануға мүмкіндік жасалған, ал ата-аналар үшін баласын күтіп отыратын орны жасақталған, тіпті олардың кішкентай бүлдіршіндеріне моторикаларын дамытатын бөлме де ойластырылған.

сана 4.jpg

Осыған орай орталықтағы үйірмелерді аралап, олардың жұмысымен танысқан депутаттардың пікірін де білген едік.  

Мұндай орталықты Астанада бірінші рет көріп тұрмын. Мықты жоба. Балалар осындай орындардан қосымша білім алатын болса, болашақта өндірісте, энергетикада, авиацияда жетіспей жатқан мамандардың қатарын толықтырар еді. Болашақ білікті маман өз ісінің әліппесін осы жерден бастап үйренуге толық жағдай жасалған. Бәрі бар, тек ынта болса болғаны. Кеңес кезінде өндірістік оқу комбинатына қатысқан болатынбыз. Онда жүргізуші, сылақшы, металл жонушы сияқты қосымша мамандықтарды оқып шыққанбыз. Сөйтіп, оқушылар мектептен қосымша мамандыққа икемделіп шығатын. Бұл жастардың өміріне де, мекемеге де керек болады, - деді мәслихат депутаты Ғабит Тәжімұратов. 

Астана қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов мұндай пайдалы нысандар елордамызда көбейе түссе деген тілегін айтты. 

сана 6.jpg

Бүгін әріптесіміз, Шахмат федерациясының президенті, кәсіпкер Абзал Сағымбаев мынадай үлкен ғимарат ашып жатыр. Балаларға арналған өте әдемі, сапалы салынған нәрсе екен. Осындай ғимараттар көбейе бергені дұрыс деп ойлаймын. Өйткені миллион жарымға жақын тұрғыны бар елорда үшін мұндай орталықтар аз, - деді Астана қалалық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Асқар Смағұлов. 