Елорда жаңалықтары

Оқу-ағарту министрі азаматтарды жеке қабылдады

Өңірлер тұрғындары өз сұрақтарын офлайн және онлайн форматта қоюға мүмкіндік алды. Сұрақтар мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, инклюзивті білім беру мәселелеріне қатысты болды, деп хабарлады Elorda.info.kz.

Ғани Бейсембаев барлық сауалдарға толыққанды жауап берді. Зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелерді өзінің жеке бақылауына алды. Комитеттер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Айта кетейік,  ксетеге сәйкес Үкімет мүшелерінің азаматтарды қабылдауы Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы, 8 ғимаратта Министрліктер үйінің 16-кіреберіс мекенжайында орналасқан Мамандандырылған азаматтарды қабылдау орталығында өтеді.

-->