Қоғамдық кеңес мүшелері «Үркер» және «Тельман» тұрғындарымен кездесті
Астана қаласы қоғамдық кеңес мүшелері бүгін елорданың шеткері аймақтарында орналасқан тұрғын алаптарында болып, ондағы тұрғындардың мәселесімен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен Нұра ауданына қарасты «Үркер» тұрғын үй алабында орналасқан дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде келді.
Қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, атқарушы билік органдары және ауданның белсенді азаматтарының қатысуымен өткен кездесуде көтерілген мәселе көп. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Мұндағы кейбір жұмыстардың тиісті уақытта орындалмауы мердігердің ауысуына байланысты.
Сонымен қатар тұрғындарға газдандыру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Қазір газдандыру жобасы әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптама қорытындысы шамамен келесі жылдың қаңтарында дайын болады. Одан кейін конкурс өткізіліп, жұмыс басталады. Жоба құны алдын ала есептеулер бойынша 5,1 млрд теңге.
Кездесуге келгендер жолдар мен жаяу жүргіншілер жолының сын көтермейтінін айтты.
Тұрғындар қомақты қаржы бөлінген жол көңілдерінен шықпайтынын жеткізді. Оның үстіне жаяу жүргіншілер жолының ені небәрі 80 сантиметр екен. Демек мүгедектер мен жас баласы бар аналарға өте ыңғайсыз. Оның үстіне тұрғын үй алабын дамыту бойынша жоба тұрғындарға жан-жақты таныстырылмаған. Шет жақтағы көшелерде жаяу жүргіншілер жолының ені 1 жарым метр, ал халық көп жүретін жер неге тар жасалғаны тұрғындарға түсініксіз. Сонымен қатар мектеп пен №12 емхана маңындағы жолға жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс арттыруына жол бермеу үшін бөгет қойылмағаны да айтылды.
Мердігер ұйым өкілі «Барлық жұмыс бекітілген жоспарға сай жасалған. Тіпті тұрғындардың сұрауы бойынша мектеп маңына 1,5 метр етіп мұндай жолақ орнаттық» дейді.
Қоғамдық кеңес төрағасы Юсуп Келигов мұндай мәселелер халық саны артып, дамып келе жатқан кез келген қалаға тән екенін айтып өтті. Ол «Үркер» тұрғын үй алабына қатысты жағдайды қалалық әкімдік бақылауда ұстайтынын ескертті.
Сондай-ақ иесіз жатқан жер телімдері туралы да айтылды. Оларда жаз уақытында қалың қамыс өседі, жағымсыз иіс қолқаны қабады, ал жаңбыр болса су жиналады. Бұл балалардың өміріне қауіпті. Тұрғындар жердің иесін тауып, жиналған жаңбыр суын ең болмаса топырақ төсеп құрғатылуын сұрап отыр.
Үркер тұрғындарының бірі газдандыру мәселесі жуық арада шешілмесе түнгі тарифті төмендетуді сұрады. Себебі үйді жылытуға электр тогын қолданатын азаматтар электр қуаты үшін айына 120 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр. Әрі жиі ақау шығып, өшіп қала беретін жарық да жұрты шаршатыпты.
Қоғамдық кеңес мүшелері бұдан кейін «Тельман» тұрғындарымен кездесті. Олар да - кәріз бен газдандыру туралы айтты.
Кездесуді қорытындылаған қоғамдық кеңес мүшелері айтылған мәселелердің барлығы 15 қараша күні өтетін қалалық қоғамдық кеңестің отырысында қаралатынын жеткізді.
Торғын Амангелдіқызы
-->Қоғамдық кеңес мүшелері алдымен Нұра ауданына қарасты «Үркер» тұрғын үй алабында орналасқан дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде келді.
Қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, атқарушы билік органдары және ауданның белсенді азаматтарының қатысуымен өткен кездесуде көтерілген мәселе көп. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық.
Нұра ауданында бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп жатыр. Қараша айының соңына дейін 150 контейнер орнатылады, қазір оның 120 –сы дайын. Мұндағы негізгі мәселе «Үркерді» дамытудың жол картасының 3 кезегіне байланысты. Аталған жол картасы тұрғындардың тікелей қатысуымен бекітілгенін атап өткім келеді. Аудан тұрғындарының бастамасымен оған 65 сұрақ енгізілді, биыл оның 45-і орындалуы тиіс. Бүгінгі таңда 45 мәселенің 39-ы шешімін тапты. Тағы алтауы жыл соңына дейін шешіледі, өзгелері келесі жылға қалады, - деді Нұра ауданы бас инспекторы Жарқын Айтжанов.
Мұндағы кейбір жұмыстардың тиісті уақытта орындалмауы мердігердің ауысуына байланысты.
Жобаның 3 кезеңін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асады деп алдын ала келісілді. Бізде кәріз желісі аса өзекті. Жұмысты бастаған мердігер ұйым сот шешімімен жауапсыз деп танылып, ақыры 2021 жылы басқа мердігер іске кірісті. Бұл күнде «ДК Проект» ЖШС кәріз желісі бойынша жұмыстың 90 пайызын аяқтады. Құбырлардың 80 пайызын алдыңғы мердігер орнатқан. Уақыт өте олардан ақау шығуы жиіледі. Биылдың өзінде 370 осындай жағдай тіркелді, - деді Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Бақытжан Жолмұқан.
Сонымен қатар тұрғындарға газдандыру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Қазір газдандыру жобасы әзірленіп жатыр. Мемлекеттік сараптама қорытындысы шамамен келесі жылдың қаңтарында дайын болады. Одан кейін конкурс өткізіліп, жұмыс басталады. Жоба құны алдын ала есептеулер бойынша 5,1 млрд теңге.
Кездесуге келгендер жолдар мен жаяу жүргіншілер жолының сын көтермейтінін айтты.
Тұрғындар қомақты қаржы бөлінген жол көңілдерінен шықпайтынын жеткізді. Оның үстіне жаяу жүргіншілер жолының ені небәрі 80 сантиметр екен. Демек мүгедектер мен жас баласы бар аналарға өте ыңғайсыз. Оның үстіне тұрғын үй алабын дамыту бойынша жоба тұрғындарға жан-жақты таныстырылмаған. Шет жақтағы көшелерде жаяу жүргіншілер жолының ені 1 жарым метр, ал халық көп жүретін жер неге тар жасалғаны тұрғындарға түсініксіз. Сонымен қатар мектеп пен №12 емхана маңындағы жолға жүргізушілер жылдамдықты шамадан тыс арттыруына жол бермеу үшін бөгет қойылмағаны да айтылды.
Мердігер ұйым өкілі «Барлық жұмыс бекітілген жоспарға сай жасалған. Тіпті тұрғындардың сұрауы бойынша мектеп маңына 1,5 метр етіп мұндай жолақ орнаттық» дейді.
Мұндағы тұрғындар өте белсенді. Кездесу ұйымдастырып, жобалармен атқарылып жатқан шаралармен таныстыру керек, талқылау керек. Мұндай мәселелер туындап жатса демек кездесу жеткіліксіз. Мұндағы азаматтардың қала орталығы тұрғындарынан еш айырмашылығы жоқ. Қаржы бөлініп жатыр, сондықтан қолайлы жағдай жасалсын - деді қоғамдық кеңес мүшесі Рамзия Умербаева.
Қоғамдық кеңес төрағасы Юсуп Келигов мұндай мәселелер халық саны артып, дамып келе жатқан кез келген қалаға тән екенін айтып өтті. Ол «Үркер» тұрғын үй алабына қатысты жағдайды қалалық әкімдік бақылауда ұстайтынын ескертті.
Сондай-ақ иесіз жатқан жер телімдері туралы да айтылды. Оларда жаз уақытында қалың қамыс өседі, жағымсыз иіс қолқаны қабады, ал жаңбыр болса су жиналады. Бұл балалардың өміріне қауіпті. Тұрғындар жердің иесін тауып, жиналған жаңбыр суын ең болмаса топырақ төсеп құрғатылуын сұрап отыр.
Үркер тұрғындарының бірі газдандыру мәселесі жуық арада шешілмесе түнгі тарифті төмендетуді сұрады. Себебі үйді жылытуға электр тогын қолданатын азаматтар электр қуаты үшін айына 120 мың теңгеге дейін төлеуге мәжбүр. Әрі жиі ақау шығып, өшіп қала беретін жарық да жұрты шаршатыпты.
Қоғамдық кеңес мүшелері бұдан кейін «Тельман» тұрғындарымен кездесті. Олар да - кәріз бен газдандыру туралы айтты.
Біз Есіл ауданына қарағанымызбен әлі күнге дейін ауылдағыдай, дәретханаға далаға шығамыз. Газбен қамтамасыз ету де жылдан жылға тек сөз жүзінде қалып келеді, - тұрғын Нұрлан Сыздықбаев.