Елорда жаңалықтары

Айтматов пен Қорғалжын тас жолының қиылысындағы учаске уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Айтматов көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысында оң жақ съездің жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіледі.

-->

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіледі.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты осы жылдың 3 маусымы күні сағат 09:00-ден бастап 4 маусымға дейін Айтматов көшесінен Ильинка елді мекені бағытындағы оң жақ съез толығымен жабылады.Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - деп жазылған хабарламада.