Астананың тұрғын алаптарында мерекелік шаралар өтті
Астананың тұрғын алаптарында мерекелік шаралар өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Қала тұрғындарына шығармашылық ұжымдар мен қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұсынылды.
Мерекелік шараларды Астана қаласының мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеме мен аудан әкімдіктері ұйымдастырды.
Мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін келесі орындарда өтті:
Есіл ауданында – «Пригородный» ТА;
Сарыарқа – Көктал саябағы;
Байқоңыр – «Өндіріс» ТА;
Тұрғындарға Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, «Наз» мемлекеттік би театры, елордалық цирк және басқа да ұжымдар жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Концертке келген тұрғындар да өз әсерлерімен бөлісті.
«Мен «Наз» би театрының тамаша әртістеріне керемет концерт үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді! Біз бүкіл отбасымен келдік және өте риза болдық. Үлкендер мен балаларға күні бойы көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандарыңыз үшін рахмет», – дейді Көктал тұрғын алабының тұрғыны Дәурен Қабдрахманов.
Шараға барлығы тұрын алаптардан 500-ге жуық тұрғындар қатысты.
-->Қала тұрғындарына шығармашылық ұжымдар мен қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұсынылды.