Үндістаннан келген танымал шахматшы астаналық бүлдіршіннің тұсауын кесті
Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд бір жасқа толған астаналық кішкентай Әбдірахманның тұсауын кесті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның шахмат федерациясы мәлім еткендей, салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтқан.
Одан кейін шахматшы жіпті қиып, баланы анасымен бірге ақ кілем үстінен жетеледі. Кілемнің екінші басында түрлі кәсіптерге қатысты бұйымдар дайындалды. Дәстүр бойынша нәресте бірінші болып қолын созған зат оның өмір жолын анықтайды. Қамшы, кітап, ақша мен шахмат алдына қойылған Әбдірахман ақ ладьяны таңдады. Кейіннен дәстүр бойынша Әбдірахманның ата-анасы Анандтың иығына шапан жапты.
-->Үндістан тарихындағы ең ұлы шахматшы, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд бір жасқа толған астаналық кішкентай Әбдірахманның тұсауын кесті, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Тұсаукесерді осы айға жоспарлап отырғанбыз. Дәл қазір астанамызда осындай ауқымды шахмат мерекесі өтіп жатқандықтан, біз тәуекел деп даңқты шахматшыға ұсыныс жасадық. Ол кісінің ұсынысымыздан бас тартпағанына өте ризамыз, – деді Әбдірахманның анасы.
Қазақстанның шахмат федерациясы мәлім еткендей, салтанатты шара басталмас бұрын шахматшы балаға өсиетін айтқан.
Баланың тұсауын кесу мен үшін мәртебе. Әбдірахманға бар жақсылықты, зор денсаулық пен бақыт тілеймін. Балам, өмір бойы сені бақытты ететін мамандықты таңда, - деді Ананд.