Назым Қызайбай Әлем кубогында екінші жеңісіне жетті
Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Рингке бірінші болып 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келідегі Назым Қызайбай шықты. Жерлесіміз ширек финалда Азия чемпионы, өзбекстандық Фарзона Фозилованы 5:0 есебімен жеңіп кетті.
Осылайша, Қазақстан атынан екінші боксшы жартылай финалға өтті. Бұған дейін 75 келідегі Надежда Рябец 1/2 финалға шыққан еді.