Назым Қызайбай әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өткен әлем чемпионатында күміс медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Elirdainfo.kz.
Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ақтық сында Қызайбай Үндістан өкілі Минакшиге төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберді.
Жекпе-жек тартысты өтті, алайда қарсыласқа басымдық берілді.