Елорда жаңалықтары

«Нұрлы жүрек» орталығының бүлдіршіндері иппотерапиямен емделеді

Дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, алдағы уақытта «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері енді иппотерапия қызметіне жүгіне алады.

Айта кетейік, өткен жылдың 1 қазаннан бастап Астанада иппотерапиямен оңалту әдісі қолға алынған болатын. Пилоттық жобаның үш айында 72 бала емделді. Қазір мұнда 100-ден аса бала тұрақты келіп жүр. 

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде 20 жылқы болса, оның 10-ы сауықтыру шараларына тартылған.

Кешенде сейсенбі және бейсенбі күндері иппотерапияны пайдалана отырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту бойынша сабақтарды аккредиттелген ұйымдарда оқудан өткен реабилитолог-дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар өткізеді.

-->

«Орталыққа талапқа сай, мінездері жуас 20 жылқы арнайы таңдалып алынған. Күніне әр жылқы 2 сағаттан сауықтыру шараларына тартылады», - дейді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.