Елорда жаңалықтары

Нұра ауданында хостелдер мен жатақханалардың қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Нұра ауданында өрт қауіпсіздігін арттыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері ТЖ басқармасымен бірлесіп тұрғын үй кешендерінде орналасқан барлық алты хостел өкілдерімен кездесулер өткізді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға баса назар аударылды. Осындай іс-шаралар университеттер жанындағы жатақханаларда және жалдамалы-барак тұрғын үйлерінде өткізілуде. Тексеру нәтижесінде эвакуация жолдарының бөгеу, баспалдақтардың астында жанғыш материалдарды сақтау, эвакуациялық жолдарда шығу белгілерінің және автоматты өрт дабылының (АПС) болмауы сияқты бұзушылықтар анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Аудан аумағында өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда және жатақханалар мен тұрғын үй ғимараттарының иелерімен профилактикалық жұмысты да, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды да қамтитын болады.