Елорда жаңалықтары

Мәжіліс депутаттары әскери колледж ұжымымен кездесті

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтіп, онда әскери орта білім беру жүйесін дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлады Elorda.info

Комитет отырысы Екінші дүниежүзілік соғыс батыры, Халық қаһарманы және алғашқы қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толуына орайластырылды. 

Қорғаныс министрлігінің әскери орта білім беру жүйесі елдің нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік алаңымен бірыңғай жұмыс істейді және бұл оқыту жүйесіне екі әскери колледж бен үш «Жас ұлан» республикалық мектебі кіреді. 

Депутаттар әскери колледждің инфрақұрылымымен танысып, педагогтармен, ұландармен, кадеттермен кездесті. Кездесу барысында үздік оқушыларға Парламент Мәжілісіне экскурсия ұйымдастыру туралы ұсыныс қолдау тапты.

Бұған қоса ол комитеттің қарауында армияның имиджін және әскери кәсіптің беделін арттыруға бағытталған әскери-патриоттық тәрбие мәселелері жөніндегі заң жобасы бар екенін, оған түзетулер енгізу көзделетінін мәлімдеді.  

Сапар соңында Мәжіліс депутаттары кадеттермен бірге колледж аумағына шырша ағаштарын отырғызды.

-->

Біздің комитет әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыруға ерекше көңіл бөледі. Біз колледждің оқу-материалдық базасымен, білім алушы ұландардың тұрмысымен таныстық, – деді Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан. – Одан өзге бізге назардан тыс қалдыруға болмайтын және оларды шешу бойынша шаралар қабылдануы тиіс проблемалар да айтылды.