Елорда жаңалықтары

Мәскеуде Астана қаласының Мәдениет күндері басталды

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook парақшасында Мәскеуде басталған Астана қаласының Мәдениет күндері туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Facebook парақшасында Мәскеуде басталған Астана қаласының Мәдениет күндері туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«Мәскеуде «Қыз Жібек» спектаклінің көрсетілімімен Астана қаласының Мәдениет күндері басталды Үш күн ішінде «Астана - любовь моя» фотокөрмесінің ашылуы, «Гаухартас» мюзиклінің премьерасы, елордамыздың театр ұжымдарының үлкен концерті, креативті индустрия, туризмді, қала шаруашылығын, қоғамдық көлікті дамыту, көгалдандыру және абаттандыру, IT-индустрия мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізу жоспарланған. Мәслихат депутаттары мен әкімдік делегациясы Мәскеу Үкіметімен, Мәскеу қалалық думасының әріптестерімен, сондай-ақ Санкт-Петербург заң шығарушы жиналысының депутаттарымен бірқатар ресми кездесулер өткізеді.

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында Астана мәдени күндерін өткізуге көмектескені үшін Мәскеу қаласының үкіметіне, Сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дәурен Абаевқа алғыс білдіремін. Келесі жылы елордаларымыздың бауырлас қалаларға айналғанына 25 жыл толатынын атап өткім келеді», - деді Ерлан Каналимов.