Елорда жаңалықтары

Мейрамбек Бесбаевтың жары үшінші сәбиін өмірге әкелді

Мейрамбек Бесбаевтың жары Мархабат үшінші сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Музарт тобының әншісі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Алла ұлық! Жаратқан иемізге шексіз шүкірлер мен сансыз мақтаулар болсын! Мейрамбек пен Мархабат Әбіләшім әкеміз бен Жібек анамызға тағы бір немере сыйлады! Балапанымыздың бауы берік болсын! Саналы, иманды, білімді болып өссін», - деп жазды әншінің досы әрі әріптесі.