Елорда жаңалықтары

Мерзімі өтіп кеткен препаратты қолданған астаналық косметолог сотталды

Cоттың үкімімен елорда тұрғыны медициналық қызметпен лицензиясыз айналысып, денсаулыққа зиян келтіргені үшін сотталды. Бұл туралы Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.

Ол тиісті лицензия мен сертификатсыз, сақтау мерзімі өткен филлерді қолдану арқылы косметикалық процедура жүргізіп, нәтижесінде жәбірленушінің денесінде қабыну процесі орын алып, оған медициналық көмек қажет еткен.

«Кінәліге 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, мәжбүрлі еңбекке тартылып, медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ол жәбірленушіге 5,8 млн теңге материалдық және моральдық шығын төледі.

Үкім заңды күшіне енді.