Мереке кезіндегі қауіпсіздік: құтқарушылар су айдындарындағы патрульдеуді күшейтті
Астана қаласы ТЖД құтқарушылары демалыс және мереке күндерінде күшейтілген қызмет атқару нұсқасына өтіп, су қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалап, демалушылармен алдын алу әңгімелерін жүргізіп, адамдар көп жиналатын және шомылуға рұқсат етілмеген жерлерге ерекше назар аударуда.
ТЖМ су жағасында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:
- Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыздар;
- Мас күйінде суға түспеңіздер;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
- Қайықтар мен катерлерде құтқару кеудешесін киіңіздер.