«Мерейлі мекен-Мұнаралы Маңғыстау» атты кеш өтті
Бүгін Астанадағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Мерейлі мекен-Мұнаралы Маңғыстау» атты ән мен жыр кеші өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Кеш Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің «Мереке думан» шығармасымен басталды.
Елордалық өнерсүйер қауым М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрінің концертін тамашалады.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Рахат Мадреев және Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Көбенғалиев.
ҚР Мәдениет саласының үздіктері, Абыл Тарақұлы атындағы қазақ оркестрі, Халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары, «Жорға» би ансамблі, «Ақшағыл» этно-фольклорлық ансамблі,Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармониясының өнерпаздары, маңғыстаулық эстрада жұлдыздары, дәстүрлі әншілер өнер көрсетті.
100-ге тарта өнерпаз кешке келген қала тұрғындары мен қонақтарының жылы ықыласына бөленді.
-->

Бұл Маңғыстау облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында өтіп жатыр. Сондай-ақ ән кеші облыстың 50 жылдығына орай ұйымдастырылды. Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен мәдениет саласының үздіктері, дәстүрлі әншілер, домбырашылар тобы, жеке аспапшылар өнер көрсетті- деді Мұрат Өскінбаев атындағы облыстық филармония директоры Бекбол Базарбаев.
100-ге тарта өнерпаз кешке келген қала тұрғындары мен қонақтарының жылы ықыласына бөленді.
Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, және маңғыстаулықтар. Еліміздің бас қаласы елордаға қош келдіңіздер. Биыл киелі түбек Маңғыстау облысына – 50 жыл. Ал Ақтауға 60 жыл. Осы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Маңғыстау өңірінің мәдени күндері елорда халқын үлкен сый деп санаймыз. Бүгінгі іс-шара – екі өңірдің рухани үндестігінң жаңғырып, жан-жақты байланысының нығаюының айқын көрінісі. Киелі Маңғыстау ақындар дүниеге келген қасиетті өңір. Оның топырағы, тауы, шатқалы, теңізі көне тарихтан сыр шертеді. Маңғыстау облысы гүлденіп, өркендей берсін, - деді Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналиимов