Елорда жаңалықтары

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысуда.

Президент Жолдауы барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.