Елорда жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Жылыту маусымына дайындық жұмыстарын бақыламағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі  парақшасында.