«Мембағдарламамен үй әперемін»: Бірнеше астаналықты алдаған алаяқ ұсталды
Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға көмектесемін деп азаматтардың ақшасын жымқырып кеткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордада 37 жастағы әйел мемлекеттік органда таныстары барын айтып, азаматтардың сеніміне кіріп, ақшасын алдап алған.
Қазір күдікті уақытша ұстау мекемесіне қамалды. Оған қытысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша (ірі мөлшерде алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
-->Елордада 37 жастағы әйел мемлекеттік органда таныстары барын айтып, азаматтардың сеніміне кіріп, ақшасын алдап алған.
Сарыарқа ауданының полиция бөліміне қала тұрғыны жүгініп, 2023 жылдың маусым айында алаяққа 5 млн теңге бергенін айтты. Тағы бір әйел өткен жылдың наурызында осындай жолмен 3 млн теңгесінен айырылған. Пәтерді күтіп ала алмаған жәбірленушілер полицияға жүгінді. Қазір алаяққа алданған 9 адамнан полицияға арыз түсті, - деді елордалық ПД баспасөз қызметі.