Елорда жаңалықтары

«Мектепке жол» республикалық акциясы 8 мың оқушыны қамтуды жоспарлап отыр

Елордалық мәслихат депутаттары «Мектепке жол» республикалық акциясына белсенді қатысып жатыр. Оқу жылы қарсаңында мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов №8 мектеп-лицейіне барды, деп хабарлады Elordainfo.kz төрағаның әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. 

«Жаңа оқу жылы қарсаңында №8 мектеп-лицейіне барып, салтанатты жағдайда барлық керек-жарақтары бар 40 рюкзак сыйға тартылды. Мектеп рюкзактарының мазмұны оқу жылының соңына дейін жеткілікті болуы керек. Акцияны басынан бастап елорда әкімдіктерінің қызметкерлері, «AMANAT»партиясының мүшелері, кәсіпкерлер мен жай ғана бей-жай қарамайтын қала тұрғындары да белсенді қолдағанын атап өтемін. Бүгінгі таңда 3 мыңға жуық оқушы рюкзактар алды. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын акция аясында 8 мың оқушыны қамту жоспарлануда» - деді Астана қаласы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.