Елорда жаңалықтары

Мамандар елордадағы сауда саласындағы мемлекеттік бақылауды баяндады

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау туралы брифинг өтті, деп хабарлады Elorda.info

Брифингті Астана қаласы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрғали Егембердиев өткізді.

Астана қаласының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті – өз құзыреті шегінде ішкі сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларында реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органы. 

Департамент өз қызметін екі бағыт бойынша жүзеге асырады – ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біртұтас және тиімді саясатты қалыптастыру.

Департамент 193-баптағы 4-5 бөліктерде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды. ӘҚБтК-нің 802-бабына сәйкес құқық қорғау, мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан түскен материалдар, жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе өтініштері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға себептер болады. 

«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңын бұзушылықтар анықталған жағдайда 9-бапта көзделген әкімшілік іс қозғалады және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады «Ішкі сауда субъектісінің сауда қызметін реттеу туралы ҚРЗ белгілеген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) сауда үстемесінің 15% мөлшерінен асып кетуі жағдайында «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 10, орташа кәсіпкерлік субъектілеріне – 75, сондай-ақ, ірі кәсіпкерлік  субъектілеріне – 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

-->

Осы жылдың 15 наурызынан бастап «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды, оған сәйкес департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға уәкілетті,  - деді Н.Егембердиев.