Елорда жаңалықтары

Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері елордалық студенттермен кездесті

Жиында ҚМА Басқарма басшысы Ерден Жұма қаржылық мониторинг органдарының мақсат-міндеті және негізгі қызметі жайлы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Агенттіктің жұмысынан нақты мысалдар келтіріліп, қаржылық құқық бұзушылықтарды тергеуде қолданылған әдіс-тәсілдер талқыланды.

Тәжірибеден алынған нақты кейстер студенттерге Агенттік жұмысын тереңірек түсінуге бірегей мүмкіндік берді.

Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтықтың алдын алу және заңсыз схемаларға дроп ретінде қатысуға байланысты маңызды мәселелер атап өтілді.

Мұндай іс-шаралар қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерге тиімді қарсы тұра алатын мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталуда.

Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің қаржы жүйесінің алдында тұрған сындарға білікті мамандарды даярлауға үлес қоса отырып, жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу жұмысын жалғастыруда.