Елорда жаңалықтары

Мәжіліс депутаты «Elorda Aqparat» медиахолдингінің ұжымымен кездесті

Кездесуге қатысушылар БАҚ туралы заң мен журналистердің мәртебесі туралы жан-жақты талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Депутат атап өткендей, журналист – коммуникация және қоғамға ақпарат беру саласындағы ең кәсіби маман, сондықтан БАҚ туралы заңды талқылауда қалам иелерінің мәртебесі туралы мәселе бірінші айтылуы тиіс.

vstrecha_1_a69b7da4b2.jpg

Кіріспе сөзден кейін кездесу пікірталасқа жалғасты, ал іс-шара соңында медиахолдинг ұжымы спикерге өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

-->

 

Біз әріптестерімізді тыңдап, ұсыныстарды қабылдап, жұмыс тобында оларды іске асыру мүмкіндігін талқылағымыз келеді, - деп түсіндірді іс-шараның мақсатын Максим Рожин.

Депутат атап өткендей, журналист – коммуникация және қоғамға ақпарат беру саласындағы ең кәсіби маман, сондықтан БАҚ туралы заңды талқылауда қалам иелерінің мәртебесі туралы мәселе бірінші айтылуы тиіс.

Біз қазір көптеген жаңа нәрсені анықтап жатырмыз, өйткені айналадағы барлық нәрсе өте тез өзгеріп жатыр. БАҚ мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарының өзінен асып түсті. Журналистер, блогерлер және әлеуметтік желіні белсенді қолданушылар арасындағы шекара барған сайын бұлыңғыр бола бастады. Бірақ біз фактілер тұрғысынан қарауымыз керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдармен байланыс жасау және оқиғаларды жариялаумен кім айналысады? Ең үлкен және кәсіби топ – журналистер. Менің ойымша, бірінші кезекте, оларға назар аудару керек, - деді мәжілісмен.

vstrecha_1_a69b7da4b2.jpg

Кіріспе сөзден кейін кездесу пікірталасқа жалғасты, ал іс-шара соңында медиахолдинг ұжымы спикерге өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды.