Мәжіліс депутаттары елорда ауруханаларының жағдайымен танысты
Парламент Мәжілісі Әлеуметтік мәдени-даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов бастаған бір топ депутат Астана қаласы денсаулық сақтау нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлады Elorda.info.
Депутаттар алдымен №9 қалалық емханаға барды.
Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Рүстемова мен емхана директоры С.Смағұлова емханадағы жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Аталған емхана қала тұрғындарына мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсететін елордадағы жетекші медициналық ұйымдардың бірі.
Сондай-ақ халық қалаулылары №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы мен №1 ауруханасында және көпсалалы медициналық орталықта болды. Депутаттар №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасындағы жедел жәрдем және травматология бөлімінде болып, проблемалық мәселелерді талқылады. Бұған қоса аталған аурухана директорлары Г.Қылышева, Е.Сәрсенбаев және М.Төлеутаев депутаттарға ұйымның ахуалы мен жұмыс көлемі, алдағы күнге жоспарлары туралы баяндап берді.
Кездесу нәтижесінде, мәжілісмендер азаматтарды емдеуге, тексеріп-зерттеуге қаражат жетіспейтіні, себебі бөлінген ақша жалақы мен коммуналдық төлемдерден артылмайтынын баса айтты. Бұл мәселені шешпейінше, келесі жылы да халық зардап шегіп, керек медициналық қызметтерді ала алмай қалатынын атап өтті.
-->Депутаттар алдымен №9 қалалық емханаға барды.