Елорда жаңалықтары

Мәслихатта елордадағы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары талқыланды

Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Алдағы уақытта елордада қандай жасылдандыру жұмыстары жүргізілетіні және Астананың жасыл белдеуі аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қандай болатыны туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов мәслихаттың кезекті сессиясында айтып берді. Оның айтуынша, жасыл желектерді суару жүйесіне ерекше назар аударылады, оны құрылыс салушылар өздері ұйымдастырады және бұл болашақта нормаға айналады. 2025 жылдың көктемінде Есіл өзенінің жағалауын абаттандыру (құрылыс) жұмыстары басталады және жасылдандырылады. Бұл мәселені елорданың бас жоспары бойынша отырыста толығырақ талқылаймыз», - деді Е.Каналимов.

Ол, сондай-ақ, ЛРТ желілері астындағы аумақтар, ірі даңғылдар абаттандырылып, қоғамдық кеңістіктер ұйымдастырылатынын айтты.

«Сонымен қатар, кепілдендірілген МӘМС шеңберінде қосымша медициналық қызметтер мен дәрілік препараттар ұсыну ережелері қабылданды, мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алып қою туралы шарттар келісілді, сондай-ақ «Студенттік жатақханалар құрылысы» МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер бекітілді», - деді ол.