Елорда жаңалықтары

Мәслихат депутаттары зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға азық-түлік  таратты

Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты депутаты Азамат Айтхожин өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

«Еліміздің мемлекеттік мерекесі – Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында, біз қайырымдылық және қолдау акциясын өткіздік. Бұл мереке – азаттықтың, бірліктің және Отанымызға деген мақтаныштың символы. Бүгін Amanat партиясының бастамасымен еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасыларға қажетті азық-түлік салынған себеттер табысталды», - деді А.Айтхожин. 

Сондай-ақ ол қазақстандықтарды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, мереке әрбір шаңыраққа жылулық пен қуаныш әкелсін деген тілегін білдірді. 

«Қазақстан мейірімділік пен әділеттілік дәстүрлерін сақтай отырып, өркендей берсін!», - деп жазды ол.