Елорда жаңалықтары

Мәслихат депутаттары кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының іске асырылуын пысықтады

Астана қаласы мәслихатының депутаттары «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында көшпелі кеңес өткізді. Бұл туралы қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Республикалық бағдарламалар мен әкімдікпен бірлесіп, «Даму» қорымен ынтымақтастықта «Астана бизнес» жергілікті жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарлама салалық шектеусіз жүзеге асырылады. Бағдарламаның қаржыландыруы 1:1,5 қатынасында іске асырылады.

«Қор өкілдеріне субсидиялауға дейінгі және кейінгі салық сомалары бойынша толық ақпарат дайындауды тапсырдым. Сонымен қатар, ШОБ қолдау көрсеткіші бойынша толық талдау, проблемалық мәселелер мен тәуекелдерді анықтау, сондай-ақ екінші деңгейлі банктермен өзара іс-қимыл механизмін әзірлеу қажеттігін айғақтадым», - деді Ерлан Каналимов.