Елорда жаңалықтары

Мәслихат депутаттары «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымымен кездесті

Астана қаласы мәслихатының депутаттары республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің ұжымымен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ұшқыннан» бастау алған бұл басылым өз тарихында «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауларымен жарық көрген.

Еліміздің басты мемлекеттік басылымдарының бірі саналатын «Егемен Қазақстан» барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда таралады. Газеттің өз интернет-редакциясы, веб-сайты, облыстарда меншікті тілшілер қосыны бар», - деп жазды Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден.

Кездесу барысында депутаттар басылымның елдегі маңызды оқиғаларды халыққа жеткізудегі зор рөлін атап өтті. Сонымен қатар редакция ұжымы бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныстарын жеткізіп, оларды шешуге депутаттық корпус алдағы уақытта атсалысатын болды.

Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын мәслихат депутаттарының қолдауымен «Байқоңыр» ауданындағы бір көшеге «Егемен Қазақстан» атауы берілген болатын. Осы көшенің бойындағы атаусыз гүлзарға да жақында «Журналистер саябағы» атауы берілді.