Мәңгілік Ел даңғылының учаскесі уақытша жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Керей Жәнібек Хандар көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғары қабатын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілетіні туралы мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бұл жұмыстар мердігер ұйымның қаражаты есебінен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі.
«Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да ұйымдастырылатын болады.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды», - деп жазылған қаалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.