Мәңгілік Ел даңғылы уақытша жөндеу жұмысына жабылады
Биыл елордада жалпы ұзындығы 72 км болатын 60-тан астам көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде Мәңгілік Ел даңғылы бойынша жұмыстар жоспарлануда.
Осы жылдың 19-25 сәуір аралығында Мәңгілік Ел даңғылының учаскесінде Сарайшық/Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысындағы көлік айрығынан Ф.Оңғарсынова көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын ауыстыру бойынша жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл жұмыстар кепілдік міндеттемелердің бір бөлігі болып саналады және оларды орындау мердігер ұйымдардың – «Энергодор» ЖШС және «АБЗ плюс» ЖШС қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Осыған байланысты аталған кезеңде жол учаскесі ішінара жабылатын болады. Қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан ықтимал кептелістер мен уақытша қолайсыздықтарға тап болмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн.
Биыл қалада барлығы 60-тан астам көше жөнделеді. Олардың ішінде:
- Жаңақоныс көшесі А. Кенжиннен Д. Бабатайұлына дейін;
- Қарталы көшесі Оқжетпес көшесінен М. Дулатов көшесіне дейін;
- Алаштас жолы 191-көшеден айналма жолға дейін;
- Қорғалжын тасжолы (тротуарлар орнату)
- Абылайхан даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан Манас көшесіне дейін;
- Жұмабаев көшесі Б. Момышұлынан Қошқарбаев даңғылына дейін;
- С.Сейфуллин көшесі Сарыарқа даңғылынан Республика даңғылына дейін және т.б.
Сондай-ақ, құрылыс аясында жобаларды іске асыру жоспарланған:
- Қ.Қайсенов көшесін Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін салу;
- Бұқар жырау көшесін Жошы хан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін салу;
- Мирас мектебінен М.Жұмабаев көшесіне дейін Күйші Дина көшесінің құрылысы және т.б.