Мүгедек балалардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының прокуратурасы мүгедек балалардың үйде оқу шығындарын төлеу тәртібін тексерді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Ауданның Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі биылғы жылдың бюджет қаражатын дұрыс жоспарламауы салдарынан қыркүйек-қараша айларында 15 мүгедек баланы оқытуға кеткен шығындар төленбегені анықталды.
«Прокуратураның ұсынуы негізінде мәслихаттың шешімімен бюджеттен қосымша қаражат бөлініп, 592 180 теңге төленді, осылайша балалардың конституциялық құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.
Кінәлі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылуда.