Елорда жаңалықтары

Ұлы дала даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Астаналық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы дала даңғылының Мәңгілік ел даңғылынан Жошы хан көшесіне дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері Ұлы дала даңғылы мен Ә.Бөкейхан көшесінің қиылысы толығымен жабылады.

-->

Осыған байланысты 24-25 маусым күндері Ұлы дала даңғылы мен Ә.Бөкейхан көшесінің қиылысы толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз, - делінген хабарламада.