Ұлттық валютаның 30 жылдығына орай оқулықтар жарық көрді
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған «Ұлттық валютаның тұрақтылығы мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info.
ЕҰУ ғалымдары шараға қатысушыларға қазақ тіліндегі «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру» оқулықтарын ұсынды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров, экономика саласындағы сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО студенттері қатысты.
Конференцияға қатысушылар ұлттық валютаның тарихы, Қазақстанның қаржы жүйесінің қазіргі жағдайда жұмыс істеу мәселелері, елдің орнықты және табысты даму құралы ретіндегі ұлттық валютаның рөлі туралы баяндамалар жасады.
Конференция барысында ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров валютаның құрылу тарихы, қаржы жүйесінің қалыптасуындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы айтып берді. Оның айтуынша, ұлттық валютаның 30 жылдығы – халқымыздың өміріндегі елеулі оқиға.
ҚР Ұлттық валютасының 30 жылдығы қарсаңында «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру» оқулықтарының тұсаукесері өтті.
Айта кетейік, оқулықтар Ұлттық Банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров пен экономика ғылымдарының докторы, ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, профессор Серік Мақыштың жалпы редакциясымен жарық көрді.
-->ЕҰУ ғалымдары шараға қатысушыларға қазақ тіліндегі «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру» оқулықтарын ұсынды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров, экономика саласындағы сарапшылар, профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО студенттері қатысты.
Конференцияға қатысушылар ұлттық валютаның тарихы, Қазақстанның қаржы жүйесінің қазіргі жағдайда жұмыс істеу мәселелері, елдің орнықты және табысты даму құралы ретіндегі ұлттық валютаның рөлі туралы баяндамалар жасады.
Ұлттық валютаны енгізу – еліміздің тарихындағы маңызды кезең. Теңге – тәуелсіздік пен экономикалық тұрақтылықтың символы. Үш онжылдықта қазақстандық валюта қалыптасу және даму жолынан өтті. Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі теңгенің маңызды рөлін атап өту қажет. Конференция тәжірибе алмасып қана қоймай, қаржылық тұрақтылық, қаржы-несие саясаты және әлемдегі ұлттық валютаның рөлі туралы егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік береді деп санаймын, - деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.
Конференция барысында ҚР Ұлттық банкінің бірінші төрағасы Ғалым Байназаров валютаның құрылу тарихы, қаржы жүйесінің қалыптасуындағы қиындықтар мен жетістіктер туралы айтып берді. Оның айтуынша, ұлттық валютаның 30 жылдығы – халқымыздың өміріндегі елеулі оқиға.
Өздеріңізге белгілі, 1992 жылы Қазақстанда ұлттық валютаны және нарықтық экономиканы құру басталды. Бұл жылдар ерекше болды, өйткені әлемдік негізгі үрдістер өзгерді, әлемдік жүйеде өзгерістер болды. Бұл уақытта елде нарықтық экономиканың классикалық теориясын ешкім зерттеген жоқ, ешкімнің жұмыс тәжірибесі болған жоқ, сонымен қатар 1992 жылы инфляция деңгейі 2 960% құрады. Сол кезде Ұлттық валюта болмаса, Қазақстан экономикасы дағдарыстан шыға алмас еді. Теңгенің болашағы керемет болады. Мен АҚШ доллары Қазақстан үшін инвестиция құралы емес, қазақстандық теңге болады деп сенемін, - деп қорытындылады экономист.