LRT вагондарына салынған граффити өшірілді – CTS
Бұл туралы City Transportation Systems ЖШС баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«LRT вагондарына салынған граффити арнайы ерітінділердің көмегімен өшірілді. Мұндай жағдайлардың алдын алу вагондарды жобалау кезеңінде ескерілді: сырлау жұмыстары төзімді қорғаныш материалдарын пайдалану арқылы жүргізілді. Жылжымалы құрамның беткі қабаты зақымдалмай тазартылып, бастапқы сыртқы келбеті сақталды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Астанада белгісіз біреулер жаңа LRT вагондарының сыртына граффити салып кеткен болатын.