Елорда жаңалықтары

«Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» робототехника фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында өткен «Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I халықаралық робототехника фестивалі өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Биыл алғаш рет халықаралық деңгейде өткен фестивальдің ұйымдастырушылары: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Әлихан Мақсұт атындағы дарынды балаларды қолдау қоры», Астана қаласының Білім басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, Астана қаласы әкімдігінің №9 «Зерде» мамандандырылған лицей, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Astana IT University, Астана қаласының «Роботек» білім беру робототехника мектебі, KAZ ROCKETS қоғамдық коры, My Extra Lab ЖШС.

Мектеп оқушыларының робототехника саласына қызығушылығын арттыру, ғылыми-техникалық шығармашылық қабілеттерін, техникамен жұмыс жасау белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен және Қырғызстан Республикасынан 10 мен 18 жас аралығындағы оқушылардан құрылған командалар қатысты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, ақшалай сыйлықтар, медальдар мен арнайы кубоктар тапсырылды.

«Әлихан Мақсұт атындағы Robozerde-2025» I халықаралық робототехника фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

«Басқару симуляторы» санаты бойынша:  

1-орын: Әлихан Нысанбаев, Батыс Қазақстан облысы;

2-орын: Тимофей Муравьев, Қарағанды қаласы;

              Рауан Бақтығали, Батыс Қазақстан облысы;  

3-орын: Төлеген Тамырлан, Батыс Қазақстан облысы; 

              Айдар Ислам, Батыс Қазақстан облысы;

              Жаңаталап Ислам, Батыс Қазақстан облысы.

My Extra Case Competition шығармашылық санаты бойынша:

1-орын: Codi Science командасы, Астана қаласы;

2-орын: Fixiki командасы, Ақмола облысы;

3-орын: Oyna командасы, Астана қаласы;

              Business Woman командасы, Шымкент қаласы;

              Powerpuff командасы, Астана қаласы.

«Инверсті сызық бойымен жарыс» санаты бойынша:

1-орын: Robo Com командасы, Астана қаласы;

2-орын: Smart Bala командасы, Астана қаласы;

              Irone Pulse командасы, Жамбыл облысы;

3-орын: «Маңғыстау» командасы, Маңғыстау облысы;

              RoboFox командасы, Қостанай облысы;

              RoboWay, Астана қаласы.

«Мерген» санаты бойынша:

1-орын: Aloft командасы, Көкшетау қаласы;

2-орын: Robo Men командасы, Солтүстік Қазақстан облысы;

             Spiner Bot командасы, Жамбыл облысы;

3-орын: Nano Falcons командасы, Абай облысы;

             Robocop командасы, Астана қаласы;

             ShunDas58 командасы, Астана қаласы.

Micro-FPV санаты бойынша:

1-орын: Тимофей Муравьев, Қарағанды қаласы;

2-орын: Әлихан Нысанбаев, Батыс Қазақстан облысы;

3-орын: Төлеген Тамырлан, Батыс Қазақстан облысы.

«Дрон футболы» санаты бойынша:

1-орын: «ОБТШО» командасы, Батыс Қазақстан облысы;

2-орын: URBAN OVERMIND DRONESOCCERS командасы, Астана қаласы;  

3-орын: «Орден Феникса» командасы, Астана қаласы.