Әлихан Бөкейхан көшесінде жол жөндеу жұмысы басталды
АстанадаӘ.Бөкейхан көшесінің Бұқар жырау көшесінен Ұлы дала даңғылына дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Elorda.info.
Осыған байланысты 17-28 тамыз аралығында жоғарыда аталған жол бөлігінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
-->Осыған байланысты 17-28 тамыз аралығында жоғарыда аталған жол бөлігінде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауын сұранамыз, - делінген Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.