Елорда жаңалықтары

Әлеуметтік желі арқылы қаржы пирамидасына 83 млн теңге тартқан астаналыққа үкім шықты

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы S-Group қаржылық пирамидасына қомақты қаржы тартқан Астана тұрғыны бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы сотының мәлімдеуінше, ол 2020 жылдан 2022 жылға дейін әлеуметтік желілері арқылы S-Group қаржылық пирамидасының қызметін жарнамалап, азаматтарды оған ақша салуға үгіттеген.

Осындай жолмен 83,1 млн. теңге жиналғаны белгілі болды.

«Сот үкімімен М. ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестициясын тартуға байланысты коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан 7 жылға айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарламасында.

52,6 млн. теңге азаматтық талап қою қанағаттандырылды, ал қалғаны татуласуға байланысты талап қоюдан бас тартты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.