Елорда жаңалықтары

Әлем кубогы: Алуа Балқыбекова жеңісті жұлып алды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Әлем кубогының үшінші жарыс күнінде екінші отандасымыз шықты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова бірінші жекпе-жегінде АҚШ өкілі Дженнифер Лозанодан басым түсті. 2 раунд қорытындысы бойынша, тараз басы тең түскенімен, шешуші сәтте отандасымыз ұпайды өз еншісіне жазды. Қорытынды есеп: 5:0.